01 қыр, 2016 сағат 10:30

Назарбаев: Парламент пен Үкімет бюджеттік қаржының игерілуін қатаң бақылауы тиіс

"Бюджет шығыстарын игермеу проблемасы салалық және өңірлік деңгейде орын алуда.  Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясының ашылуында барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үш жылдық бюджетпен бір пакетте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы және Республикалық және өңірлік бюджеттер арасындағы трансфеттер көлемі туралы заңдары қатар жүруде. Парламент пен Үкімет бюджеттік қаржының игерілуін қатаң бақылауы тиіс. Бюджет шығыстарын игермеу проблемасы салалық және өңірлік деңгейде орын алуда. Бюджет құрылып жатқанда ақша сұрап, дәлелдейді, ал кейін атқарылмағандықтан қаржы игерілмейді. Бұл ретте Үкімет бұған тиісті деңгейде қарамай отыр. Егер де игермесе, жобалар болмаса, онда ақша берудің қажеті қанша?! Атап айтқанда, қаржыны игеруге қауқарлыларға бөлу керек және осыдан нәтиже болады», - деді Президент.

Осы орайда Елбасы бөлінетін қаржы экономиканы дамытуға, жұмыспен қамтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеуі керектігін қадап айтты.