Айдаһар бейнесі қазақ ертегілерінде жиі кездеседі. Құбыжық, зор күштің иесі, адамзатқа қиянат жасайтын жағымсыз бейненің батырлармен күресіп жатқан суреті санамызда мәңгі қалған. Бірнеше басты алып айдаһар батырлардан жеңіліп, ертегі көңілді аяқталатын. Көз алдымызға елестеген қорқынышты бейнеден өзіміз шошып, әлгі айдаһардың өлгеніне кәдімгідей қуанатынбыз.