01 қаң, 1970 сағат 03:00

Батыр Жүкембаев IBO рейтингінің үздік ондығына кірді

Халықаралық бокс федерациясы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Sports.kz.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орындарын ұсынамыз:

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко 76-шы орыннан 77-ші орынға сырғып, Руслан Мырсатаев 88-ші орынға тұрақтады. IBO Inter-Continental чемпиондық белбеуі Жан Кособуцкийге тиесілі.

Бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев 80-ші орыннан 79-шы орынға, Еділ Қожамбердиев 89-шы орынға көтерілді (91-ші орында болған).

Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы 17-ші орынға табан тіреді, Нұрзат Сабиров 34-ші орыннан 30-шы орынға, Али Ахмедов 32-ші орынға көтерілді.

Орта дивизионда Қанат Ислам 14-ші орынды сақтап қалды, Мейірім Нұрсұлтанов 16-шы орынға тұрақтады, Жәнібек Әлімханұлы 28-ші орында. Орта салмақтағы IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин болып отыр.

Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Садриддин Ахмедов 30-шы орында (-3), Мадияр Ашкеев - 68-ші орында (-1).

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев 29-шы орынға жайғасты, Данияр Елеусінов 39-шы орынға тұрақтады, Бобиржан Моминов 73-ші орыннан 72-ші орынға көтерілді.

Бірінші жартылай орта дивизиондағы Батыр Жүкембаев өз орнын 11-ден 10-ға жақсартты, ал Жанқош Тұраров — 47-ші (46-шы орында болды) орынға түсіп қалды.

Жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов 37-ші орында (-1), Абылайхан Хусаинов ТОП-100-ден шығып кетті.

Екінші жартылай жеңіл санаттағы Станислав Калицкий 66-шы орыннан 64-ші орынға көтерілсе, Сұлтан Зәуірбек төрт орынға жоғарылап, 76-шы орынды иеленді.

Жеңіл санаттағы Елшат Нығметолла үш позицияға жоғарылады — 51-ші орын.