09 мау, 2023 сағат 23:55

Абай облысындағы өрт: Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары кейінге шегерілді

Фото: © пресс-служба 24.kz

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.

Айта кетейік, бүгін Семей қаласында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

«Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні тұтанған.

«Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, оған себеп «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады», - деген еді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Кейінірек Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапқаны белгілі болды.