13 там, 2022 сағат 13:14

Зульфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

© AP Photo / Luca Bruno

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло V Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Чиншанло 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жалпы 220 кг (95+125) көтерді.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Зульфия 130 келі салмақта үшінші мүмкіндігін іске асыра алмады, дегенмен нигериялық қарсыласынан 18 келі басым түскен.

Айта кетері, қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло өткен жылы өткен Токио Олимпиадасында қола медаль алған еді.