26 шіл, 2021 сағат 19:38

Зүлфия Чиншанло ел қоржынына үшінші қола медаль салды


Токио Олимпиадасында бүгін қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло жарыс жолына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зүлфия әйелдер арасында 55 келіде сынға түсті. Ол жұлқи көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал келесі кезекте 93 келіні көтергенмен, төрешілер оны санаған жоқ. 

Серпе көтеруде ол бірден 213 келіні басына асырды. Қоссайыстың нәтижесінде 223 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. 


Ал, филиппиндік ауыр атлет алтын медальға ие болды. Ол барлығы 224 келіні еңсерді (97+127)

Күміс қытайлық спортшыға бұйырды (223 келі: 97+126).


Айта кетейік, Зүлфия 1993 жылдың 25 шілдесінде дүниеге келген. Бұған дейін 2009, 2011, 2014 жылдарда 53 келіде әлем чемпионы атанған. 

Ал 2010, 2014 жылдарда Азия чемпионатында 53 келіде күміс жүлдегер болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон ерлер арасында 61 келі салмақта қола жүлдеге қол созды. 

Сондай-ақ, дзюдошы Елдос Сметов үздік үштікті түйіндеп, қола медальға ие болды.