Қазақстандық зілтеміргі Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. Қоссайыс қорытындысында ол 220 (95+125) килограмм көтерді.
Екінші орын қытайлық Линлу Люға (210 келі) бұйырса, үздік үштікті өзбек қызы Нигора Абдуллаева (193 килограмм) түйіндеді.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.