© Photo: Olympic.kz
Зухра Ирназарова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
18 жастағы отандасымыз 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген мергендерден басым түсті.
Бұл бағдарламада күміс пен қола Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті.
Сондай-ақ ұлттық құраманың қос спортшысы - Фатима Ирназарова 6-шы, Александра Садуақасова 7-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) командалық сында күміс жүлдеге (1642 ұпай) қол жеткізді. Алтын медальді Солтүстік Корея (1655 ұпай) құрамасы иеленді. Ал үштікті Индонезия құрамасы (1604 ұпай) түйіндеді.
Айта кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медальға ие боп, Азия ойындарының рекордын жаңартқан еді (350 ұпай).
Қазір еншімізде 2 алтын, 3 күміс пен 11 қола бар.
Еске салайық, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова биыл тамызда Әзербайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.