27 там, 2016 сағат 14:09

Зорлықтан зардап шеккен 6 жасар ақтаулық қыз Астанаға жеткізілді

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық кішкене қыздың Астанаға жеткізілгенін 27 тамыз күні Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады. Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда ақтаулық кішкене қыз таңғы сағат 05:20-да Астанадағы "Ана мен бала" ғылыми медициналық орталығына мобильдік бригада көмегімен жеткізілген.

Министрліктің ресми сайтында "Санитарлық авиация республикалық орталығының мобильдік бригадасы зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қызды Астанаға әкелді. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр"деп жазылған.

Министрлік қазір оған барлық қажетті арнайы медициналық көмек жасалып жатқанын хабарлайды.

Бұған дейін зорланған қыз баланың Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде комада жатқаны туралы ақпар берілген еді. Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев тамыздың 26-сы күні алты жасар қызды зорлаған адам жөнінде ақпарат берген азаматқа үш миллион теңге сыйақы берілетінін мәлімдеген болатын.

Ақтау қаласында тұратын алты жасар қыз баланың жоғалғаны туралы оның ата -анасы полицияға 20 тамыз күні хабарлаған. Сол күні кешке қыз бала қала шетіндегі «Нұр Плаза» жағажайы маңынан табылған. Дәрігерлер оның зорланған растап, Маңғыстау полициясы қылмыстық іс қозғаған. Тамыздың 23-і күні бейнкамераға түсіп қалған бірнеше өзбекстандық гастарбайтер қамауға алынғанымен, олардың кінәсі дәлелденбеді.

Ұлт порталы