08 сәу, 2024 сағат 12:21

Жылыой ауданынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды


Фото: Атырау облыстық полиция департаменті


Су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде Тұрғызба ауылының 430 тұрғыны бар, - Жылыой аудандық әкімдігі.


Әкімдіктің мәліметінше, Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталған. Мұнда 3 518 адам тұрады.


«Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, эвакуациялаудың маңызын түсіндірді. Бірінші кезекте әйелдер мен, балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерді эвакуациялау қолға алынды. Ауылдан 430 адам эвакуацияланып, «Қазақстан теміржолы» ҰК пойызымен Маңғыстау облысына жіберілді. Олардың арасында 173 бала, 15 зейнеткер бар», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.


Сондай-ақ, тасқын су басқан Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр. Кеше кешкісін моноқаладан 147 адам эвакуацияланды.


«Құлсары қаласының 50 тұрғыны Маңғыстау облысына жіберілді. Ал, 97 адам «Теңіз» кен орнындағы вахталық қалашыққа көшірілді», - деп мәлім етті аудандық әкімдіктен.