Фото: Pexels.com
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 22 cарбаз көз жұмады. Бұл туралы Massaget.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті өкілдері айтқан.
Ведомство деректері бойынша, кейінгі 4 жылда Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінде 86 суицид оқиғасы тіркелген.
"Тек Қарулы күштерді (ҚК) алатын болсақ, 40 суицид фактісі тіркелген (7 офицер, 22 келісімшарт қызметкері, 4 курсант және 7 мерзімді қызметкер). Қазіргі таңда Қарулы күштердегі 6 факті бойынша тергеу жүріп жатыр (қалған 34 жағдайда қылмыстық құрам анықталмаған). Қызметтік тексерістерден кейін 11 адам жұмыстан шығарылып, 167 адам тәртіптік жаза алды", – делінген ресми жауапта.