13 шіл, 2025 сағат 14:08

Жыл сайын елімізде 45 мың тоннадан астам балық ауланады

Фото: ашық дереккөз

Оның басым бөлігі Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына тиесілі, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгінде елімізде балық шаруашылығы саласындағы 8 өңіраралық бассейндік инспекция мен басқа да ұйымдарда 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Қазіргі таңда 600-ден астам балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Онда сазан, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, бекіре тұқымдастар, форель, пелядь, жайын және тилапия сияқты балық түрлері өсіріледі.

Айта кетейік, елімізде Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтуде. Бүгін саладағы үздік мамандар бірқатар марапатқа ие болды.