17 мам, 2025 сағат 17:00

Жыл сайын 2 мың адамнан жатыр мойны обыры анықталады

Фото: ашық дереккөз

Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан шамамен 300 мың әйел көз жұмады. Ал Қазақстанда 2 мың адамнан осы диагноз анықталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

«Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі — жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының 16 және 18-типтері. Сондықтан уақытылы  вакцинациялау аса маңызды» - делінген хабарламада.


Айта кетейік, 2025 жылғы мамыр айында 11–13 жас аралығындағы 138 469 қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын, ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.