Фото: BAQ.kz
Жәрдемақының жалпы сомасы 99,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 606,9 мың көпбалалы және 241,8 мың наградталған ана бар, деп хабарлайды Ult.kz.
«2025 жылғы ақпан айында аталған жәрдемақылармен 850,9 мың отбасы жалпы сомасы 50,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 609 мың отбасы 44 млрд теңгеге, ал наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 241,9 мың адам 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды»,-деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Көпбалалы отбасыларға арналған төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
- - 4 баласы бар отбасыларға – 63 030 теңге;
- - 5 балаға – 78 798 теңге;
- - 6 балаға – 94 565 теңге;
- - 7 балаға – 110 332 теңге;
- - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 15 728 теңгені құрайды.
Ал «Күміс алқамен» марапатталған аналарға 25 165 теңге берілсе, «Алтын алқа» иелеріне, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 29 097 теңге төленеді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан.