Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxаты барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін арнайы шарттар жасала ма? Бүгінде осы мамандық иелері не мемлекеттік, не бюджеттік салаға жатпайды. Олардың баспана алуына қандай да бір жеңілдік бола ма?» деген сауал қойылды. Министр аталған мәселені қарастыруға дайын екенін жеткізді, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ондай жеңілдіктер қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ сіздің құзіретті министрлігіңіз (Ақпарат және коммуникациялар министрлігі - авт.) осындай ұсыныс жасаса, біз оны қарауға дайынбыз», - деп жауап берді Қ.Бишімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент 10 сотық жерде жеке үйді салуға жағдай жасайтын «Нұрлы жер» атты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді тапсырған болатын.