Фото:orda.kz
Журналист Әсем Жәпішеваны Темірлан Еңсебекті қолдау мақсатында өткізген пикетінде полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы Oyan Qazaqstan telеrgram аранасында хабарланғандай журналист пикетте небары үш минутқа жетер-жетпес уақыт қана тұрған. Кейін полиция ұстап алып кеткен.
Айта кетейік, 17 қаңтарда сатирикалық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек "ұлтаралық араздықты қоздырды" деген баппен 2 айға қамауға алынған.