- «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдауға орай енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіруді басқару жұмыстары мен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасына өзгертулер енді. Бұл жайында ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Елена Старенкова мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ведомство жұмысы Ұлт жоспарымен үйлестірілген.
«Бүгінде біз бағдарламаның өзектендірілген ережесімен жұмыс істеудеміз. Оған сәйкес, халықты өнімді еңбекпен қамтамасыз етудің шынайы тетігі олардың әл-ауқатын арттырумен қатар жұмыссыздықты төмендету болып отырғаны белгілі. Аталған жоспар жүзеге асырылған сәттен ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарында оң нәтиже берді», - деді ол.
Осы орайда ол «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасының тиімділік көрсеткіштерінің бірі өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылуы ьболып отырғандығын баса айтты. Аталған бағдарламаға қатысқан 8469 шығысқазақстандықтың жұмыс орнымен қамтамасыз етілгендігін еске салды.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірде республикалық бюджеттен 9 194,3 млн. теңге бөлінген. 8361 адам бағдарламамен қамтылса, оның ішінде 3686 адам жұмыссыз, 3700 адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен еді.
Айта кетерлігі, бағдарлама аясында өңірдегі еңбек нарығында оң нәтиже қалыптасып отыр. 2010 жылдағы 5,7 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 2016 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық 5 пайызға дейін төмендеді. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен бөлігі 21,8 пайызға төмендеп, аз қамтылған адамдардың саны 19,7 мыңды құрады.
ҚазАқпарат