Фото: ашық дереккөз
Танымал әнші Төреғали Төреәлі туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлады Ult.kz.
Туған күн қарсаңында өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Бүгін мен үшін ерекше күн.
Менің өмірімнің 33-беті ашылды.
33 — жай ғана сан емес.
Бұл — өткенге шүкіршілік, келешекке жауапкершілік.
Бұл — сабыр мен сенімнің жасы.
Өмір маған көп нәрсе үйретті.
Жоғалтуды да, табуды да,
қателесуді де, қайта тұруды да.
Ал бәрінен бұрын — шүкір етуді.
Мен бүгін туған күнімді атап өтсем,
ертеңнен бастап ел арасына шығамын —
үлкен тур басталады.
Байқоңырдан бастап, Қызылордаға,
әр қалаға, әр жүрекке сапар шегемін.
Мен үшін әр концерт —
ән ғана емес, кездесу.
Халықпен, өзіммен, Алламен кездесу.
Алғыс айту — парыз.
Ата-анама — өмір мен тәрбие үшін.
Жарыма, Толқынға — әр күнімнің тыныштығы болғаны үшін.
Балаларыма — өмірімнің жалғасы, үмітім болғаны үшін.
Жақындарыма — сенім мен мейірім үшін.
Халқыма — мені Төреғали еткен жүрек үшін.
Бүгін мен 33-темін.
Бірақ менің жолым енді ғана басталды.
Өмір — сахна емес,
Өмір — сынақ пен сауаптың сапары.
Мен сол сапарда — әнмен, ниетпен, жүрекпен келемін", - деді әнші.
