04 қыр, 2025 сағат 11:23

Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды


Фото: sud.kz


Сенат депутатты Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуға қаулы шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.


Заңгер Берік Нәжімеденов әкімшілік істер бойынша кассациялық соттың төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті. Сенаторлар оны босату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.


Айта кетері, заң бойынша сенат Жоғарғы сот судьяларын президенттің ұсынысымен тағайындайды және қызметінен босатады.