14 там, 2025 сағат 16:06

Жетісуда 48 жұмысшының еңбекақысы толық өндірілді

Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы Ескелді ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбекақы алу жөніндегі конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тексеру барысында «Ескелді Су Құбыры» кәсіпорны 48 қызметкеріне 5,6 миллион теңге жалақы қарыз екені анықталды.

Прокурордың араласуынан кейін барлық берешек толық өтеліп, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын қатаң сақтап, жалақыны уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді.