04 нау, 2024 сағат 12:00

Жетісу облысында шенеуніктер инвесторларға үш жыл бойы жер бермей келген

Коллаж azattyq-ruhy.kz


Жетісу облысының прокурорлары инвесторларға үш жыл бойы жер телімдері негізсіз берілмей келгенін анықтады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.


Прокуратураның ақпаратынша, екі шаруа қожалығы үш жылдан астам уақыт бойы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған.


"Жер заңнамасына қарамастан жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.


Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі, деп атап өтті ведомстводағылар.


Жетісу облыстық прокуратурасы инвесторлардың шағымына жедел ден қою мақсатында фронт-офис құрылғанын және мобильді топ (байланыс телефоны 8-701-131-04-44) тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салды.