Фото: ТЖМ
Жетісу облысында боран салдарынан жолда қалып қойған азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 53 адам аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Сарыөзек – Көктал» автожолының 15–40 шақырымында қарға батып қалған 14 жеңіл көліктен 47 адам эвакуацияланды. Қар құрсауында тұрған тағы бір автокөлік жолға шығарылды.
«Ұшарал – Достық» автожолының Теректы учаскесінде 2 көліктен 6 азамат құтқарылып, Көктұма станциясына жеткізілді.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметінің мамандары мен полиция бөлімшелері жұмылдырылды.
Құтқарылғандардың барлығының жағдайы жақсы, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ: Қауіпті жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.
