03 мам, 2025 сағат 14:26

Жеңіс шеруі тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: atpress.kz


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ, деп хабарлайды Ult.kz.


Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. 


Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.


Әскери шеру


• республикалық телеарналардан;
• еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан;
• Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын көрсететін салтанатты шеру елдің мерейін өсіріп, айбынын асырады.