Фото: pexels.com
Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған Қазақстан азаматтарына 28,9 млн теңге төленді - бұл мәліметтерді Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте айтты, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі.
Биғайдаровтың айтуынша, азаматтардың әрбір хабарламасы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
"Жеткілікті деректер мен негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеу басталады. Біз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске басқа жолмен көмектескен тұлғаларға ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз. Егер кінәлі тұлғаға қатысты соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе айыптау үкімі болса. Марапаттау ережелермен реттеледі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың тиімді ынталандырушы механизмі болып табылады," - деді ол.
Оның айтуынша, сыйақы мөлшері қазіргі уақытта соманың 10%-на дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды.
"Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 15 млн теңгеге дейін сыйақы алуға болады. Жыл басынан бері Агенттіктің аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көмектескен 76 адамды 28,9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапаттады. Көптеген өтініштер қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара талап ету, өкілеттіктерді асыра пайдалану, қолдау көрсету, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар және басқа да лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты," - деп атап өтті Данияр Биғайдаров.