Фото: threads.com/@sagyngali_sagyngali
Әлеуметтік желі қолданушысы танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқаповтың ескі суретін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Treads платформасында бір қолданушы 1998 жылы түсірілген архивтік фотосуретті жариялап, оған:
«Алматы, 1998 жыл. Роза Рымбаевамен», - деген жазба қалдырған.
Суретте жас Роза Рымбаева ұлы Әли Оқаповты құшақтап тұр.
Желіде пікір қалдырушылар: «Керемет естелік сурет», «Жолыңыз болған екен» деген сынды жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
