Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Сағатбек есімді блогердің есекті зебраға ұқсатып бояған видеосы қызу талқыланып жатыр. Автордың өзі жариялаған кадрлар қазақстандықтардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Ult.kz.
Көпшілік бұл әрекетті жануарға жасалған қатыгездік деп бағалады. Пікір қалдырушылар бояудың құрамындағы химиялық заттар – ксилол, метилацетат немесе бутанол секілді еріткіштер жануарға зиян тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
Telegram-арналар мен әлеуметтік желі қолданушылары блогердің әрекетіне байланысты eOtinish сервисі арқылы шағым беруге шақырып жатыр.
«Енді кім есек болды?» – деп жазды кейбір қолданушылар, мұндай «контентке» түсіністікпен қарауға болмайтынын айтып.
