29 қаң, 2024 сағат 12:33

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: qamqor.gov.kz

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға ресми түрде іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында пайда болды.

Жарияланған дерекке сүйенсек, іздеу ісі 28 қаңтарда тіркелген. Оған Ішкі істер министрлігі бастамашы болған. 

Іздестіру жұмыстарын Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.