26 там, 2025 сағат 17:49

Жазушы Нұрғали Ораз 65 жасқа толды

Фото: видеодан скриншот

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Оразды қабылдап, қаламгерді 65 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Құттықтау барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы хаттамалық құттықтауы табысталып, жазушының иығына шапан жабылды.

Мереке Құлкенов қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегін атап өтті. Шараға Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасарлары қатысып, мерейтой иесінің шығармашылығы жайлы жылы лебіздерін білдірді.

Нұрғали Ораз – қазақ прозасына өзіндік қолтаңбасымен енген қаламгер. Оның әңгімелері мен повестері терең көркемдігімен, ұлттық рухқа суарылған болмысымен ерекшеленеді.