23 мам, 2024 сағат 18:37

Жайық суы тасыды: Атырау-Орал жолының 80-85-шақырым аралығы жабылуы мүмкін


Фото: primeminister.kz


Атырау-Орал трассасының 80-85-шақырымының аралығы жабылуы мүмкін, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап.


Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жайық өзенінің суы арнасынан асқан. 

Осыған байланысты Атырау-Орал трассасының 80-85-шақырымы аралығында жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап тоқтатылуы мүмкін.


Көлік жүргізушілеріне балама нұсқа ретінде облыстық маңызы бар Атырау-Индер трассасымен жүру ұсынылып отыр.


Махамбет және Индер ауданының Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан елді мекендеріне қатынау үшін Махамбет-Ортақшыл ауылының маңындағы көпірден өтуге болады. 


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылатынын жазған едік.