Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Жайық өзеніндегі су деңгейі Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 633 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша су деңгейі Тайпақта бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады.
Жайық облыстың басқа жерлерінде саябырсып, қалыпқа түсіп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте 844 (-10, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 838 (-8, 850 см), Көшімде 846 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.
Батыс Қазақстанның өзге өзендерінде де су деңгейі төмендеуде.