25 там, 2021 сағат 22:13

Жастар арасындағы АЧ: Қазақстандық 8 боксшы финалға шықты



Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының сегіз спортшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Дубайда (БАӘ) жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 2005-2006 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысуда.

52 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Бузургмехр Иксанов (Тәжікстан) - 3:2
54 келіге дейін: Адай Ниязбай - Чиринг (Непал) - үшінші раунд DSQ.
57 келіге дейін: Бахтияр Анарбаев - Шахбоз Дадажонов (Тәжікстан) - 5:0.
52 келіге дейін: Томирис Мырзақұл - Лазиза Юсупова (Өзбекстан) - 5:0
60 келіге дейін: Асем Таңатар - Мариам Мохаммед (Ирак) - 5:0

Құрлықтық доданың финалына Ақжан Түркістанова (75 келіге дейін) және Шұғыла Рысбек (81 келіден жоғары) мерзімінен бұрын жолдама алды.

Өз салмақтарында келесі спортшылар қол жүлдеге ие болды:

48 келіге дейін: Айдар Қадырхан
50 келіге дейін: Илья Калинин
75 келіге дейін: Даулет Тулемисов
46 келіге дейін: Елянура Турганова
48 келіге дейін: Анита Абишева

Естеріңізге сала кетейік, 26-27 тамыз күндері жасөспірімдер арасындағы кезекті жартылай финал жекпе-жектері өтеді.

Ал бүгін Дубайдағы жарыста жастар арасындағы финалдық бәсекеге қатысатын спортшылардың есімі белгілі болады.