Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Дубайда (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жастар турнирінде (2003-2004 жылғылар арасында) 48 килограмға дейінгі салмақта Ташкенбай өзбек Мухаммадкодир Мамиржоновпен айқасты. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.
Осылайша, Санжар Ташкенбай турнирдің финалына шығып, алдағы уақытта «алтын» үшін айқасады. Ол, сонымен қатар әлем чемпионы екенін қоса кетейік. Жастар турнирімен бірге Дубайда жасөспірімдер біріншілігі өтуде – онда 2005-2006 жылғы боксшылар өнер көрсетуде, бұл турнирде қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде бәсекелесіп жатыр.