19 қаз, 2018 сағат 15:12

Жасанды интеллект жазушылардың көмекшісіне айнала бастады - The New York Times

Біз жазушыларды қараңғы бөлмеде жалғыз отырып шабыттанатын, идеяларымен оңашада қалатын адам ретінде көреміз. Бірақ The New York Times басылымының жазуынша, бұл ойымыз жақын арада ескі күннің елесіндей бұлдыр пайымға ғана айналмақ. Мақалада Робин Слоун есімді жазушы оның сөйлемдерін аяқтайтын бағдарлама арқылы кітап жазып жатқаны айтылады.

«Романист, прозаик, жазушыларды да жасанды интеллект жұмысынан айыра алатын мамандық ретінде қарастыра алмаймыз. Дегенмен, Слоун мырзаға қарап бағдарламалар мүмкіндігінің шығармашылыққа да келгенін көре аласыздар. Ол кез келген жерде мәтін фрагменттерін өзіне хабарлама арқылы қысқа үлгіде жіберіп, ұзақ мәтін жазуға кейін кіріседі. Кіріскенде де, ол сөз тіркестерін компьютерге жазады. Арнайы бағдарлама өз кезегінде сөйлемді қалай құрастыруға болатынын көрсетеді. Автор «Бұл фантастика. Мен кейде керемет сөз тіркестерін таба алмас едім.  Ал компьютер алдыңғы сөздерге анализ жасап, өзі ұсынады», дейді. Және бұл оның көңілінен шығатын көрінеді», деп жазылған мақалада.  

Материалда осы бағдарламаның жасанды интеллект екені және ол жазушыға көмектесетіні айтылады. «Хантер Томпсон Ф. Скотта Фитцджеральд стилінде жазғысы келіп, «Ұлы Гэтсби» кітабын бірнеше рет көшіріп жазған. Яғни, бұрынғы оқырман кейін жазушыға айналады. Слоун мырза да көп оқып, ізденіп, компьютерлік бағдарламалаудың мүмкіндіктерін пайдаланып көргісі келген.

Қытайдың Alibaba электронды коммерциялық компаниясының өкілдері қаңтар айында жаһандық анализде мәтінді түсіну бойынша адамнан да асып түсетін бағдарлама жасағанын айтқан еді. Егер машина оқи алса, неге оларға мәтін жазбасқа?», деп жазады басылым.

іnform.kz