16 шіл, 2018 сағат 12:56

Жасанды интеллект - дәрігер көмекшісі

Қазіргі Қазақстандағы әлі де өзектілігін жоғалтпай отырған мәселелердің бірі – ауылдық жерлерді қамтитын аудан орталықтары мен тіпті бір қаланың ішіндегі жүрек ауруларын жедел және дер кезінде анықтап, оларға қолма-қол көмекке қажетті – кардиограммаға қол жеткізу болса, бұның аса бір оңтайлы шешімі Солтүстік Қазақстан облысында біршама сәтті түрде өз көрінісін тапқан секілді. 

2017 жылы аталмыш облыста жергілікті бюджет есебінен ЭКГ таратудың телеметриялық жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, бұл жүйені ұтымды түрде жүзеге асыру мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Ол медициналық телекарталармен жұмыс істейтін 13 аудан мен облыс орталығындағы медициналық жедел жәрдем орталығын (ОМЖЖО) қамтыды. Бұл жүйе асқынған коронарлық синдром күдігі бар науқастарға диагностка қоюдың уақытын үнемдеп, сапасын күшейтіп, кардиологиялық бағыттағы науқастарға медициналық қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейін арттыра түсті.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 24 медициналық мекеме мен ОМЖЖО-дан Петропавл қаласындағы Кардиологиялық орталықтың үздіксіз  терапия блогының (ҮТБ) серверіне ЭКГ-ны телеметриялық түрде тарату мүмкіндігі пайда болды. Телекарталар бірінші кезекте 13 аудандық орталық ауруханалар (АОА) мен 11 дәрігерлік амбулаторияларда таратылды.

ЭКГ тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі, ал мәліметтерді оқу мен шешу ҮТБ-ның меңгерушілері мен кезекші кардиолог, ревматолог дәрігерлер арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бір мезгілде асқынған коронарлық синдромдары (АКС) бар және жүрек соғысының қалыптылығы бұзылған науқастармен айналысатын жедел медициналық жәрдем палаталарының (ЖМЖП) қызметкерлеріне кеңес беру көмегі де қамтылған. 2017 жылы 328, ал 2018 жылдың 5 айында 78 ЭКГ тіркелген.

Келесі қадам – жасанды интеллект алгоритмдер базасы негізінде автоматты түрде электрокардиограмманы оқуды енгізу жоспарымен байланысты.

Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы мен «CMCTechnologies» ЖШС араларында жасанды интеллект алгоритмдері негізінде электрокардиограмманы автоматты түрде оқу жүйесін құру міндеттерін шешуді біріккен түрде және өзара келісім негізінде атқару туралы меморандумға қол қойылды.

Пациент немесе медбике яки дәрігер ЭКГ-ны электронды түрде енгізе аларлықтай немесе қалталы телефонның қарапайым камерасының көмегімен қағаздағы нұсқасы да ескерілген онлайн сервис енгізу мақсаты да көзделген. Ал науқас ауруханадан шыққан сәтте қағазға басып шығаруға лайық және электронды нұсқасы сақталған сапалы негізде шешімін тапқан дәрігерлік қорытынды қолына тиеді. Оқу мен шешу жасанды интеллект салаларына қатысты алгоритмдер көмегімен жүзеге асырылады, дәлірек айтқанда: Компьютерлі-электрондык көзбен көру, Машинаны оқыту, семантикалық желі базасы негізіндегі эксперттік жүйе.

Мұндай шешім уақытты мейлінше үнемдеп, дәлдігі мүлтіксіз шешімдерге қол жеткізеді. Сонымен қатар бұдан әрі арнайы функционалды диагностикамен шұғылданатын дәрігер ұстау қажетсіздігіне орай аталмыш емдеу шаралары бір кардиограмма оқу мен оны шешудегі осы жұмыстың бүгінгі құнының анғұрлым арзандауына себепкер болады.

Солтүстік Қазақстан облысында сәтті түрде оң шешімін тапқан ЭКГ–ның телеметриялық жүйесі – қазіргі кезеңдегі жаппай цифрландыруға көшудің жарқын көрінісі болып табылады. Объективті түрде жаһандану процесіне тартылып, төртінші индустриалды революцияға бет бұрғалы жатқан мына заманда мұндай технологиялық инновациялық жобалардың күннен-күнге көбейе түсуі заңды құбылыс. Жоғарыдағы ЭКГ-ның телеметриялық жүйесінің енгізілуі осының нақты айқын көрінісі.