20 там, 2020 сағат 09:50

Жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді – Сауда министрі

Биылғы жарты жылда ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 проценттік қарқынмен өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті. Алайда, биылғы жылдың 6 айында ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеп, 14,9 трлн теңгені құрады (2019 ж. – 16 трлн теңге). Сонымен қатар COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға түсіп кетті», - деді министрі онлайн режимде халық алдында есеп беруі барысында.

Оның сөзіне қарағанда, нарықтарды заманауи сауда форматына ауыстыру саладағы кәсіпорындардың өсімін 10 пайызға, ал жұмыспен қамтылғандарды 5 мың адамға арттыруға ықпал етеді. 

«Сауда инфрақұрылымын жаңғыртуда басты бағыт – цифрландыру. Сауданың электронды жүйесі отандық тауар өндірушілер мен шетелдік серіктестерді тартуға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілік пен шарттардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Биржа котировкалары нарықтың жағдайын нақты көрсетіп тұрады», - деді Сұлтанов.