27 там, 2025 сағат 19:07

Жаппай наразылықтан кейін ресейлік әнші Полина Гагаринаның концертіне билеттер сатылымы өшті


Фото: depositphotos.com

Жаппай наразылықтан кейін ресейлік әнші Полина Гагаринаның концертіне билеттер сатылымы өшті, деп хабарлайды Ult.kz.

Zakazbiletov.kz әлеуметтік желілердегі наразылықтардан кейін Полина Гагаринаның Астанадағы концертіне билеттер сатуды тоқтатқан көрінеді.

Айта кетейік, наразылық білдірушілер бұл концерттің өтуіне қарсы петиция өткізген болатын.

Адамдардың наразылық білдіруінің басты себебі Полина Гагарина қоғамда "Z әншілер" қатарына кіреді деп есептеледі. Себебі 2022 жылы әнші "Лужникиде" "Zа мир без нацизма" митингісінде сөз сөйлеп, Украинадағы соғысты ашық қолдады.

"Қазақстан өзара сыйластыққа негізделген мәдениетті дамытуды жақтайтынын, ал қызметі саясаттандырылған деп қабылданатын орындаушыларды шақыру азаматтардың Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушыларға деген сеніміне нұқсан келтіреді", - деп жазады петиция авторлары.


Концерт билетін сату туралы ақпарат жойылғанымен, концерт өте ме, жоқ па екені туралы ресми растау әлі шыққан жоқ.