Фото: Reuters/Kyodo
Жапонияның Исикава префектурасында болған жер сілкінісінен 62 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
"Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 62-ге жетті", - делінген хабарламада.
Ең көп құрбан болғандар Ваджима мен Сузу қалаларында тіркелді. Сондай-ақ үйінді астында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Ұсақ дүмпулер болып жатса да, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалпы зілзаладан жүзден астам адам зардап шекті.
Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкінісі болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.
Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері осы аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды