Фото: ru.euronews.com
2 қаңтарда Токиодағы Ханаеда халықаралық әуежайында Japan Airlines (JAL) әуекомпаниясының ұшағы қону кезінде өртенді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz порталы NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Airbus A350 ұшағы жағалау күзетінің DHC-8 әскери-тасымалдаушы ұшағына соқтығысу салдарынан өрт шыққан. Апаттан жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері - бес адам қаза тапты. Сондай-ақ әуекемесінің капитаны ауыр жарақат алған.
Жолаушылар ұшағынан шамамен 400-ге жуық адам эвакуацияланған.
JAL әуекомпаниясының бортында 367 жолаушы болған.