Жапондық мәнерлеп сырғанаушы Каори Сакамото әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Турнир Францияның Монпелье қаласында өтуде.
Жеңімпаз қысқа және еркін бағдарламалар қосындысы бойынша 236,09 ұпай (80,32 + 155,77) жинады. Екінші орынды Бельгия спортшысы Луна Хендрикс (217,70; 75,00 + 142,70) иеленген. Үздік үштікке американдық Алиса Лю (211,19; 71,91 + 139,28) да кірді.
Сакамото 21 жаста, ол Бейжің Олимпиадасында жекелей және командалық турнирде қола жүлдегер атанған.
Әлем чемпионаты 27 наурыз күні аяқталады.