Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Спорт Шрёдингера» Telegram-каналына сілтеме жасап.
Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын;
Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын;
Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын;
Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын;
Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.
Ерлер құрамасы:
Ринат Жұмабаев (33 жаста) — бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады;
Әлішер Сүлейменов (22 жаста) — екінші тақта, 13-орын;
Мұртас Қажығалеев (49 жаста) — үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады;
Арыстанбек Оразаев (24 жаста) — төртінші тақта, 18-орын;
Қазыбек Нөгербек (18 жаста) — бесінші тақта, 19-орын.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).
Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орын алды. Біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.