Ирландиялық ортасалмақта өнер көрсететін Майкл О’Райли бірде-бір жекпе-жек өткізбей, Олимпиададағы боксерлік турнирден кетіп барады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Таяуда Ирландияның Олимпиада Кеңесі ресми түрде 23 жастағы боксшының допинг-сынақтан өте алмағанын хабарлаған.
О’Райли Риоға бармастан бұрын Ирландия жерінде жүрген кезде кездейсоқ сынмалардан өткен, ал жағымсыз жаңалық 4 тамызда белгілі болған. Осы кезден бастап ол Олимпиада ауылынан шеттетіліп, басқа спортшылармен қарым-қатынаста болмаған.
Айта кетейік, О’Райли 1/16 финалына қатыспаған, бірақ ол 1/8 турнирінде мексикалық Мисаэль Родригеспен шығуы тиіс болған. Ендігі кезекте мексикалық жекпе-жексіз ширек финалға шығатын болды.
О’Райли қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының басты қарсыластарының бірі болып саналған. Қазақстандық боксшы 1/8 финалында алжирлік Ильяс Аббадимен кездеседі.