Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) арасындағы титулдық жекпе-жектің шарттарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек кеші 22 мамырға жоспарланған. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда жекпе-жекті тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.
Ұйымның шешімі бойынша, Әлімханұлы Дигнумды жеңсе, толыққанды әлем чемпионы болады.
WBO 2022 жылғы 21 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы орта салмақтағы аралық чемпион атағы үшін жекпе-жектің шарттарын хабарлады.
Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 180 күн ішінде мына әрекеттерді жасауы керек:
- жеңімпаз дайын болса, орта салмақтағы WBO чемпионымен кездесу өткізеді. WBO 30 күндік келіссөздер кезеңін орнатады;
- егер орта салмақтағы WBO чемпионы медициналық не физикалық тұрғыдан дайын болмаса, осы құжатта қарастырылған мерзімде кездесу өткізу мүмкін болмаса, орта салмақтағы WBO чемпионы атағынан айырылады.
WBO чемпионды рейтингте бірінші орынға қоюды ұсынады, сондықтан "уақытша" чемпион әлемдік атақтың толық иегері болады.
1394 рет оқылды