Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) және оның қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Титулды жекпе-жек 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.
12 раундқа есептелген бұл айқаста Жәнібекке тиесілі чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазақстандық боксшы өз титулын алғаш рет қорғамақ.