Бұл туралы «Нечестная власть» Telegram-каналы хабарлайды.
Бос сөз бен нақты істің айырмашылығын білгің келсе, Жанболат Мамайдың іс-әрекетін бақылау жеткілікті. Бірнеше айдан бері жалған оппозиционер сот залынан шыға алмай жүргенін көріп келеміз. Барған сайын бір қызық қойылым қойып, шетінен сәтсіздікке тап болып, оның оппозициядағы қызметін бақылап жүрген елдің ішін пыстырды.
Бүгін Мамайдың практикасындағы кезекті сот процессі өтті. Онда Жанболат мен әйелі жүргізуші куәлігінен айырылды. Екеуі қазір әлеуметтік желіде бүкіл Қазақстанға зар жылап, бар ашу-ызасын шығарып жатыр. «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» демекші, Мамайдың қолында дәлелі жоқ. Сөйте тұра көзіне көрінген танымал тұлғаларға тас лақтыруын қоймайды. Сот процесстеріне дайындықсыз келіп, «өнер» көрсетеді.
Айтпақшы, әу баста Жанболаттың жанында ақыл айтып үш заңгер жүрген-ді. Қазір жалғыз Ерлан Қалиев қалды. Қалған екеуі қашып кетті. Жолы болмаған клиентпен жұмыс істеуге кім құмартсың? Ал Қалиевтің әрекеті есі дұрыс адамды таңғалдырмай қоймайды. Өйткені заңгер дейтіндей білікті емес. Істі сауатсыз жүргізетіні сонша, оның қорғауындағы Мамай күн сайын құлдырап жатыр.
Жанболат тықыр таянғанын сезеді. Бұрын өзін билікті сынағыш, күрескер ретінде әспеттейтін. Қазір әділет жүйесінің құрбаны ретінде көрсетіп, өзіне деген аяныш тудыруды көздейтін тәрізді. Бірақ халық ақымақ емес. Біраз уақыт бұрын Әміржан Қосанов, Ермұрат Бапи, Мұхтар Әбілязовтың соңынан еретін халық. Мамай болса аңғал адамдарды оппозицияның әрекет қабілеттілігіне сендірмеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бақты. Халықтың наразы тобын адастырып жатыр. Осылайша оппозицияныңі беделін түсіріп, жаназасын шығарды. Бұдан Мамайдың биліктің қолшоқпары екенін аңғару қиын емес. Әйтпесе баяғыда-ақ түрмеге қамайтын еді. Соған қарағанда Мамайдың миссиясы қазақстандық оппозицияның жаназасын шығарып, табытына соңғы шегені қағып беру сияқты.