22 сәу, 2025 сағат 16:49

Жаңа туған нәрестені құтқару үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

Фото: Gov.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" қызметі жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұшқыштар Руслан Ағламбеков пен Олег Алфеев, санитарлық авиация дәрігерлері Асхат Қуанышбаев пен Лариса Величко шұғыл рейс жасап, Шемонаиха қаласынан Өскеменге жаңа туған қызды дер кезінде жеткізді.

МИ-8 тікұшағындағы мамандардың үйлесімді әрекеті мен кәсіби шеберлігінің арқасында рейс сәтті өтіп, сәби облыс орталығындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл медициналық көмек көрсету және адамның өмірін құтқару бағытында осындай жоғары деңгейдегі операцияларды күнделікті атқарып келеді.