24 қар, 2025 сағат 16:23

Жан Ахмадиев Мұқасан Шахзадаевтың оған қысым жасап жатқанын айтты

Фото: Sadaq.kz

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаевқа өз позициясын ашық білдірді, деп хабарлайды Ult.kz sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Белсендінің айтуынша, жарияланған видео көпшіліктің назарын аударып, бірқатар әншілер оған хабарласып, жазбаны өшіруді сұраған. Алайда Ахмадиев бұл өтінішке келіспейтінін мәлімдеді. 

«Кешегі жазбамнан кейін біраз әншілер хабарласып, видеоны өшіруді сұрап жатыр. Мұқасан аға, араға адам салуды доғарыңыз. Видеоны өшірмеймін, себебі жәбірленушінің алдында жауапкершілігім бар. Одан да Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жазаңыз ауырлап кетеді. Біз соңына дейін барамыз», – деді Жан Ахмадиев.


Айта кетейік, бұған дейін әнші Мұқасан Шахзадаев топқа жаңадан қосылған әншіні ұрып тастағанын жазғанбыз.