Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Азияның екі дүркін чемпионы финалда америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміспен күптеліп отыр.
Осыған дейін 60 келіге дейінгілер арасында Айдос Сұлтанғали құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Қола медаль үшін өткен бәсекеде Сұлтанғали венгриялық Кристиан Кечкеметиден айласын (7:1) асырды.