09 шіл, 2024 сағат 11:41

Жамбыл облысының Сарысу ауданында материалдық шығын зерделенуде


Фото: Жамбыл облысы әкімді ресми сайты

Жамбыл облысының Сарысу ауданында материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмыс жүргізілуде, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайларға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 шілдесі күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмыстарын жалғастыруда. Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 18 600 м3 су сорылды. Жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазартылды.

Жаңатас қаласындағы екі елді мекен (Малоэтажка, Дегерес) жарыққа қосылды. Тек Д. Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмеді.

Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр.

8 шілде, таңертең ұшқызсыз ұшу аппаратының көмегімен су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ.

Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.

«Жаңатас–Саудакент» тас жолы ашық.

Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кеше түнде Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты.

Аудандағы ахуал аймақ басшысының бақылауында.