Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмғанын жазды.
Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 13 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданы орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
"Полиция қызметкерлері ізін суытпай, кәмелетке толмаған баланы ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды. Сонымен қатар оның суық қаруды заңсыз алып жүргеніне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.