21 сәу, 2025 сағат 12:23

Жамбыл облысында бір үйдің үш баласы газдан уланып, көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Оқыс оқиға Жамбыл облысы Меркі ауданының Сарымолдаев ауылында болған.

Анасы таңертең 3, 5 және 7 жастағы балаларды үйде жалғыз қалдырған. Кешкісін келгенде жағымсыз иіс жайлаған бөлмелерден олардың қимылсыз денесін ғана тапқан. Қайғы жұтқан отбасыға психологиялық көмек көрсетілуде. 

Тексеру барысында газ пеші қазандығының қолдан жасалғаны анықталды.